Best Fortune Ltd. Компаниясының ББҚ (БАД) қолдануға арналған нұсқаулар
BEST FORTUNE Ltd. (Бэст Форчьюн Лтд.) компаниясы Қытайда, Гонконгтың арнайы әкімшілік ауданында 2011 жылы құрылды. BEST FORTUNE Ltd. компаниясы табиғи өсімдік шикізаты негізінде бірегей емдеу-сауықтыру биоөнімдерін өндіру және таратумен айналысады. Біздің жоғары технологиялық өнімдеріміз ежелгі тибет және қытай медицинасының кемеңгерлігін және тиімділігін, сонымен бірге заманауи ғылыми зерттеулерді ұштастырады. Біздің серіктестеріміз Қытайдың Чинхай қаласында инновациялық медициналық-биологиялық және клиникалық зерттеулермен айналысатын биотехнологиялық парк болып табылады. Жетекші ғылыми мамандар біздің компаниямызға арнап адамның денсаулығы және ұзақ өмірі үшін ежелгі тибет және қытай медицинасының кемеңгерлігін және тиімділігін, сонымен бірге заманауи ғылыми жетістіктерді қолдануға мүмкіндік беретін бірегей рецептура негізінде озық биологиялық белсенді препараттарды әзірлейді. Біз өзіміздің қызметімізде негізгі үш қағиданы ұстанамыз: табиғи денсаулық өмір сүру гигиенасы қаржы мәдениеті Біз өзіміздің тауарларымызды жылжытуда клиенттеріміздің толық құқықты серіктес болуына мүмкіндік беріп және жеке жоғары табысты бизнесті дамытуына тікелей сатудың қарапайым және тиімді жүйесін пайдаланамыз. BEST FORTUNE Ltd. компаниясының ББҚ (БАД) қолдануға арналған нұсқаулар Емдік өсімдіктердің организмге әсерінің деңгейлері ескеріліп, BEST FORTUNE Ltd. компаниясының көптеген ББҚ-лары үш санатқа бөлінеді: тиімді емдік қуатымен ББҚ (қызыл түсті бумадағы) – емдік өсімдіктердің ең күрделі құрамымымен ерекшеленеді; маңызды аурулар, ауыр жағдайдағы және асқынған, организмнің тепе-теңдігін (баланс) қалыптастыруға қолдану, қабылдау - бір курс; жарты жылдан кейін нәтижені бекіту үшін курсты қайталау; тиімді емдік-профилактикасымен ББҚ (сары түсті бумадағы) – организмнің тепе-теңдігін (баланс) бекіту үшін асқынбаған созылмалы ауыру кезінде, арасына бір ай салып, бірнеше курс қабылдау; тиімді профилактикасымен ББҚ (жасыл түсті бумадағы) – созылмалы және аурудың емделуі ұзаққа созылып кету кезде иммунитетті және организмді жалпы бекіту үшін, ұзақ уақыт бойы қолдану. Бірнеше маңызды аурулардың асқынуы кезінде екі ББҚ бір мезгілде міндетті түрде арасына екі сағат салып қолданылуы мүмкін. Әрбір ББҚ фитопрепарат құнарландырылған ұнтақ түрінде шығарылады. Қызыл және сары түсті бумадағы ББҚ үшін мөлшер -100 мл ыстық суда ¼ шай қасық ұнтақты дайындайды. Алғашқы екі аптада бір рет тамақтан кейін, келесіде ¼ шай қасықтан күніне 2 рет, таңертең және кешкі тамақтан кейін, мөлшерді ұлғайтуға болады. Жасыл түсті бумадағы ББҚ үшін мөлшері - 100 мл ыстық суда ¼ шай қасық ұнтақты дайындайды. Алғашқы үш апта бойы күніне екі рет, келесіде ¼ шай қасықтан күніне 2 рет, таңертең және кешкі тамақтан кейін, мөлшерді ұлғайтуға болады – ½ шай қасықтан күніне 2 реттен, таңертең және кешкі тамақтан кейін. Препаратты қабылдау кезінде ауыр, майлы, ащы, тым салқын, үйреншікті емес, экзотикалық тағамды, ет, сүрлерді, алкогольді қолдануға шек қойылады.