Тромбофлебит, вена варикозы, панариция, облитерациялық эндоартрит,
Панариций дегеніміз не? Қолдың аяқтың және башпайлардың және саусақтарының іріңді қабынуы панариций деп аталады. Панариций саусақ немесе башпай тканінің қабынуы. Панарицийдің бірнеше түрі болады, тереңдігіне байланысты. Тері панариций, тері асты панариций. Ол беткей түрі деп аталады. Және сіңір, буын, сүйек панариций деген үш түрі бұл терең түрі деп аталады. Бұның негізгі себебі микротравмалар, саусақтың көбесінің сөгілуі неше түрлі маникюрдің де салдарынан адамның ткандері қабынуы мүмкін. Қазақша кейде күбірткелі деп те атайды. Кез келген қабыну процессі сияқтыда бұның әуелгі инфильтрат сатысы болады, содан кейін іріңдеу кезеңі болады. Инфильтрат басталған кезде, мысалғы адам қолына байқамай ине тығып алды, бір екі күннен кейін сол жер қызарып, ісіп саусақ ісіне бастайды және ауырады. Ал одан әріқарай ештеңе жасамаса, ірің жайылып тырнақтың астына, мысалғы тері астына жайылып, солқылдап ауырады. Солқылдап ауыртпаған бірінші түні, адам қалайда саусағын тілдіртіп іріңін алуы керек, әйтпесе ол терең сүйекке кетіп қалады, ал сүйек остемелит панареций болса адам саусағын алып тастау керек болады, себебі қабынуы процессі бүкіл саусағының тканіне түгел жайылса, оны пандактелит деп атайды.