Бактериялар
Иттер ауаға зиянды бактериялар таратады Иттердің нәжісі ауаны қауіпті бактериялармен ластайды. АҚШ-тың Колорадо университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Science Daily-дің хабарлауынша, Роберт Боуверс бастаған ғылыми қызметкерлер тобы Кливленд, Чикаго, Детройт қалаларындағы ауа құрамына зерттеу жүргізген. Бұл қалаларда барлығы 2 миллионнан астам адам тұрады. Жаз және қыс мезгілдерінде қала ауасынан алынған сынамаларды тексеру нәтижесінде олардың құрамының алуан түрлі бактериялармен араласқаны белгілі болды. Ғалымдар бұл зиянды бөлшектердің қайдан пайда болғанын анықтауға тырысты. Өндіріс қалдықтары, топырақ, өсімдіктер мен кәріз жүйелері – бәрі толық зерттелген. Ақыры ауа құрамындағы қауіпті бактериялардың иттердің нәжісінен бөлінгеніне көз жеткен. Бұл зиянды заттар демікпе және аллергия ауруларына себепші болады екен. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, иттер ғана емес, басқа да жануарлар ауаға зиянды қалдықтар таратуы мүмкін. Бактериялар Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері. Микроб әлемін танудың физиологиялық және морфологиялық кезеңдері, микроорганизмдердің ашылуы. Биология және медицина ғылымының бөлігі ретінде микробиологияның қазіргі заманғы даму кезеңдері; жетістіктері және оның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары. Микроорганизмдердің классификациясы және жүйелілігі туралы түсінік. Прокариоттар әлемі, номенклатуралық сипаттамасы. Түр-микроорганизмдердің жүйелігінің негізгі бірлігі ретінде. Штамдар, таза өсінді, клондар туралы түсінік. Микроорганизмдердің негізгі морфологиялық формалары: кокктар, таяқшалар, қисық варианттар; олардың сипаттамалары. Бактериалдық жасуша құрылысы, оның негізгі құрылымдық элементтері. Жасуша ішілік пайда болулардың, цитоплазмалық мембраналардың және жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы. Бактериалдық жасушаның тұрақты және тұрақты емес құрылымдық компоненттері (капсула, споралар, жіпшелер, қосындылар). Сферопластар, протопластар. Цитоплазманың ұйымдасуы. Капсула, оның химиялық құрамы, бояу әдістері, атқаратын қызметі. Споралар, олардың физиологиялық рөлі, химиялық құрамы, бояу әдістері, роль в жизнедеятельности микробтардың өмірсүруіндегі қызметі. Бактериалдық қосындылар сипаттамасы, волютиндік дәндер, олардың физиологиялық рөлі, бояу әдістері. Спирохеталар, актиномицеттер, микоплазмалар, риккетсиялар және хламидиялар. Жасуша ішілік құрылымның морфологиялық ерекшеліктері, оларды бояу әдістері. Олардың негізгі биологиялық қасиеттері. Адам патологиясындағы маңызы. Антибиотик өндірісінде актиномицеттер және саңырауқұлақтардың атқаратын рөлі. Категориясы бойынша туыс саны[1]: