Слайд 2Валенттілік, (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып
алып химиялық байланыс құру қасиеті.
Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген.
А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды
Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді
Элементтердің валенттілікіне қарап химиялық формулаларды жазуға болады
Слайд 3Валенттіліктің бірлігі ретінде сутектің валенттілігі алынған, сутек қосылыстарында әркашан бір валентті деп
есептеледі. Өзімізге белгілі судың формуласы Н20 (аш екі о), ол молекуланың сутектің 2 атомы мен оттектің бір атомынан тұратынын көрсетеді. Судың кұрамында оттектің бір атомына сутектің екі атомы сөйкес келеді екен. Оны былай көрсетсек Н-О-Н оттектің валенттілігі екіге тең екенін байқаймыз. Өйткені сутек бір жағымен байланысса, оттек екі жағымен де байланысады.
Слайд 5Валенттілік рим цифрларымен белгіленеді, формулаларда элмент таңбасының үстіне жазылады, мәні I-VIII-гe дейін
өзгереді. Валенттілік бойынша формула құру үшін элементтердің валенттіліктерінің ең кіші ортак еселігін тауып, әр элементтін валенттілігіне бөліп, индекс етіп жазамыз. Егер элемент қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетсе, онын, атауында элементтің валенттілігі рим цифрымен жақшаның ішінде көрсетіледі.
Слайд 6МОЛЕКУЛА КҰРАМЫ ЕКІ ЭЛЕМЕНТ АТОМЫНАН ТҰРАТЫН ҚОСЫЛЫСТАР БИНАРЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР ДЕП АТАЛАДЫ.
Н20
Na2О
Слайд 8АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ
Атом-молекулалық ілім — жаратылыстану және зат бөлшектері туралы теориялардың жинағы.
Атом-молекулалық ілімнің
қалыптасып дамуына өз заманында М. В. Ломоносов, Дж. Дальтон, А. Лавуазье, Ж. Пруст, А. Авогадро, Й. Берцелиус, Д. И. Менделеев, А. М. Бутлеров секілді зор үлес қосқан.