Жүкті болған жасөспірімдер аборт жасатуға бейім

Содержание

Слайд 2

Менің бұл тақырыпты алудың басты себебі – қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің

Менің бұл тақырыпты алудың басты себебі – қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің
бірі болып табылады және шешу жолында көптеген қиындықтарға тап болады. Мақсаты мен міндеті қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық ахуалдың аборт туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету, аборттың себептері мен жағдайларын талдау, оларды бейтараптандыру жолдарын қарастыру, абортты алдын-алу туралы ұсыныстар жасау болып табылады.

Слайд 3

Қазақстанда кәмелетке толмай жүкті болу және аборт жасату сияқты мәселелердің жастар арасында,

Қазақстанда кәмелетке толмай жүкті болу және аборт жасату сияқты мәселелердің жастар арасында,
әсіресе, әлеуметтік желілерде қызу талқыланатыны байқалады.

Слайд 4

Бүгінде бүкіл әлем "жасанды түсік" дейтін үлкен қасіреттен құтыла алмай отыр. Деміңді

Бүгінде бүкіл әлем "жасанды түсік" дейтін үлкен қасіреттен құтыла алмай отыр. Деміңді
ішіңе тарттырған деректер Қазақстанда жыл сайын 170 мыңнан астам сәби жасанды түсіктің құрбаны болады екен. Бұл – ресми тіркелген дерек. Тіркелмегенін есептей беріңіз... 

Слайд 6

БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мәліметінше, күн сайын әлемдегі дамушы елдердің

БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мәліметінше, күн сайын әлемдегі дамушы елдердің
кәмелетке толмаған 20 мың жасөспірімі босанып жатады. Бір жылда бұл көрсеткіш 7,3 миллионға жетеді, оның 2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыздар.
Ал Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады. ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Райымбек Сисемалиев қазақстандық жастардың 10 пайызға жуығы 14 жасқа дейін, ал 50 пайызға жуығы 19 жасқа дейін жыныстық қатынас жасап үлгеретінін айтады.

Слайд 7

Қазақстанда жасанды түсік жасату көрсеткіші дамыған елдерден әлдеқайда көп. Ақ халаттылар жыл

Қазақстанда жасанды түсік жасату көрсеткіші дамыған елдерден әлдеқайда көп. Ақ халаттылар жыл
санап, мұндай оқиғалардың жиілеп кеткенін айтуда. Ресми дерекке сүйенсек, 2007 жылдың өзінде республика бойынша 133 мың аборт жасалған. Жасанды түсік тастау әртүрлі асқынуларға және бедеулікке алып келуі мүмкін. Соңғы бес ай ішінде әр облыс бойынша 4700 сәби дүниеге келсе, ал аборт жасау оқиғалары 2000-ға жетіп отыр.

Слайд 8

ҚР ресми мәліметтері бойынша жасанды түсік жасатуға тіркелгендер:
Жасөспірімдер арасында 15 жасқа дейін

ҚР ресми мәліметтері бойынша жасанды түсік жасатуға тіркелгендер: Жасөспірімдер арасында 15 жасқа
200 тіркелген.
15тен 18 жас – 8000 жуық
Қайталап 18 жасқа дейін 54%
(жеке меншік клиникаларда тіркелмейді)

Слайд 9

Агенттік мәліметіне сүйенсек, жасанды түсік тастау құбылысы әсіресе 19-34 жас аралығындағы әйелдер

Агенттік мәліметіне сүйенсек, жасанды түсік тастау құбылысы әсіресе 19-34 жас аралығындағы әйелдер
арасында ең көп тіркеліп 75 процентті құрады. Ал 15-18 аралығындағы жасөспірімдер арасында жасанды түсік тастау көрсеткіші 5,5 процентті құрайды.
Әрбір 1000 әйелге шаққанда жасанды түсік тастау Шығыс Қазақстан облысында ең жоғары көрсеткішке жетіп, 44,4 жағдай тіркелсе, Батыс Қазақстанда 42,6, Оңтүстік Қазақстанда 42,2, Ақмола облысында 40,5 , Қарағанды облысында 40,5 болды. .

Слайд 10

Оңтүстік және Солтүстік облысы бойынша жасанды түсік тастау көрсеткіштері

Оңтүстік және Солтүстік облысы бойынша жасанды түсік тастау көрсеткіштері

Слайд 11

Өсеміз бе, өшеміз бе? Жасанды түсік – ұлт қасіреті. Мың­даған сәби дүниеге

Өсеміз бе, өшеміз бе? Жасанды түсік – ұлт қасіреті. Мың­даған сәби дүниеге
келмейді, мыңдаған қыз өмірге ұрпақ әкеле алмайтын дертке шалдығады. Со­ның әсерінен ұлт санының өсуі де тоқтайды. 70-жылдары Қазақстан мен Өзбек­станда халық саны қатарлас болатын. Соңғы деректер бойынша көрші елде 28,234 млн. адам бар. Біз болсақ 16 миллионның айналасында жүрміз. Ал халқының саны 16 миллионды құрайтын Нидерландия мемлекетінде аборт жасататын адам саны жылына 10 мың ғана екен. Ал біздегі сандар көрсеткіші еріксіз ойландырады. Тіпті кей бейресми мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша жасанды түсік жасату жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Соның ішінде Қазақстан алғашқы орындардың бірінде көрінеді. Міне, осындай деректерге сүйенген демограф ғалымдар дабыл қағуда. 

Слайд 12

Ұсыныс

Ең алдымен, жастардың бойына рухани тәрбиенің дәнін егіп, имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеуге

Ұсыныс Ең алдымен, жастардың бойына рухани тәрбиенің дәнін егіп, имандылық пен ибалылыққа
міндеттіміз.
Жыныстық қатынас пен жасөспірімнің ерте жүктілігі, аборт және оның зияны туралы мектептен бастап үйрету. Біз, жастардың болашағының – білім алуы, адам болып қалыптасуы мен денсаулығына зиян келтіретін факторлардың алдын алуымыз қажет. Ал ерте жастағы жүктілік пен аборт дәл осындай зиянды фактор
Мамандар сексуалдық және репродуктивтік денсаулық мәселесін мектепте оқытуды ұсынады.
Имя файла: Жүкті-болған-жасөспірімдер-аборт-жасатуға-бейім.pptx
Количество просмотров: 37
Количество скачиваний: 0