Слайд 2Миокард инфарктісі-жедел коронарлық қан айналысының жетіспеушілігінен туындайтын жүрек бұлшықетінің некрозы.

Слайд 3ЭКГ-да көрінетін МИ-нің кезеңдері:
МИ өте жедел сатысы
МИ жедел сатысы
МИ жеделше сатысы
Беріштену сатысы

Слайд 4МИ өте жедел сатысында:
Субэндокардиалық ишемия(ЭКГ-да биік Т тісше-лері тіркеледі),
Субэндокардиалық зақымдану (ЭКГ-да ST

аралы-ғы изосызықтан төмен ығысады),
Зақымдану мен ишемия субэндокардиалық зона-дан субэпикардиалық зонаға тарап,трансмуральды күйге көшеді,мұның өзі ST аралығының изосы-зықтан күмбез сияқты көтеріліп,Т тісшесімен қо-сылуын тудырады.
Слайд 5МИ жедел сатысында:
ST аралығы жоғары көтеріліп,R тісшесінің құлди-лама иіні (тізесі) Т тісшесіне

көшеді.
Бірінші тәуліктің аяғында R амплитудасы кішіре-йіп,патологиялық Q тісшесі қалыптасады.
Жедел кезеңнің аяғында ST аралығы изосызыққа жақындап,терең теріс мәнді Т тісшесі қалыптаса-ды.Q тісшесінің тереңдігі сол тіркемедегі R амплитудасының 25% құрайды.
Егер некроз миокард қабырғасына толық тарай-тын болса,онда патологиялық QS тісшесі тіркеле-ді.
Слайд 6МИ жеделше сатысында:
Патологиялық Q немесе QS тісшесінің болуы (некроз зонасының болуы),ST аралығының

изо-сызық деңгейіне оралуы (зақымдану зонасының жойылуы),теріс мәнді симметриялы T тісшесі (ишемия зонасының болуы) және Т тісшесінің те-реңдігінің біртіндеп азаюы
Слайд 7Беріштену сатысында:
Патологиялық Q немесе QR тісшесінің сақталуы, ST аралығының изосызықтың үстінде болуы,Т

тісшесінің динамикалық өзгерістерінің болмауы.
Т тісшесі теріс мәнді,қос фазалы,жадағайланған, әлсіз оң мәнді болуы мүмкін.