Тахеометр

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ:
1. Тахеометр туралы жалпы түсініктеме
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тахеометриялық топографиялық түсіру
рдың жіктелу
2. Электрондық

ЖОСПАР: КІРІСПЕ: 1. Тахеометр туралы жалпы түсініктеме НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Тахеометриялық топографиялық
тахеометр
3. Тахеометриялық түсірістегі камеральдық жұмыстар, план құру
Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 3

1. ТАХЕОМЕТР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ

Тахеометр (грек. tachyc, tacheos – шапшаң және …метр)

1. ТАХЕОМЕТР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ Тахеометр (грек. tachyc, tacheos – шапшаң және
– тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.Тахеометрлер дөңгелектік, номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады.

Слайд 4

1.ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІРУ

Тахеометриялық топографиялық түсіру — арнайы тахеометр— теодолиттің (теодолит) және өлшеу райкасының көмегімен

1.ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІРУ Тахеометриялық топографиялық түсіру — арнайы тахеометр— теодолиттің (теодолит) және
іске асырылады.
Тахеометриялық топографиялық түсіру инженерлік 1:500 — 1:5000 масштабында қолданылады

Слайд 5

Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi тео­долит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай

Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi тео­долит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай
жағ­дайда әрбiр пикеттiк нүктеге дейiнгi көлбеу ара қашықтықты жiптi қашықтық өлшеуiшпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейдi. Салыстырмалы биiктiктi тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
В нүктесінің А нүктесімен салыстырғандағы салыстырмалы биiктiгiн (h) анықтау керек болсын делiк . Ол үшін А нүктесінe теодолиттi орнатады да, ал В нүктесінe рейканы қояды. Аспаптың биiктiгiн (i) рулетка мен және сызықтың ұзындығын
АВ лента мен немесе қашықтық өлшеуiшпен өлшейдi. Теодолиттiң вертикаль дөңгелектің көмегімен дүрбiнiң нысана­лау оciн рейканың қандай да бiр нүктeciнe бағыттағандағы көлбеулiк бұрышын анықтайды. Осы нүктеден рейканың тақасына дейiнгi қашықтық (υ) нысаналау биiктiгi деп аталады.
h=h1+i- υ. (1)
Бiрақ
hl=dtgv, (2))
ендеше
h=dtgv+i- υ. (3)
Егер рейкаға аспаптың биiктiгiн (i) белгiлеп, осы нүктесi дүр­бiмен нысаналаса, яғни i= υ тең деп алынса, онда салыстырма­лы биiктiктi бұлай анықтауға болады:

Слайд 6

(139) немесе (140) формулаларымен есептеп шығарылатын са­.лыстырмалы биiктiктi 0,01 м-ге дейiнгi дәлдiкпен

(139) немесе (140) формулаларымен есептеп шығарылатын са­.лыстырмалы биiктiктi 0,01 м-ге дейiнгi дәлдiкпен
дөңгелектейдi.
Егер AB=D ара қашықтығын лента мен немесе горизонталь рейка арқылы қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда d=Dcosv тең болады да (140) формуласының орнына мына фор­муланы шығарып аламыз:
h=Dsinv (5)
Егер нүктелердiң ара қашықтығын вертикаль рейкадан қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда (140) формуладағы d-нің орнына (78) формуладағы мәнін қойып, салыстырмалы биiктiктi мына формула мен анықтауға болады:
Немесе kL=D' тең деп алатын болсақ, онда мұндағы k - қашықтық өлшеуiш коэффициентi; L – қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң сантиметрлiк аралық белiктерiнiң саны;D'- қашықтық өлшеуiшпен өлшенген ара қашықтық. (142) жә­не (143) формулалар тахеометриялық деп аталады.
Осы формулаларды пайдаланып салыстырмалы биiктiкті анықтағанда тахеометриялық кестелердi пайдалануға болады.
Егер А нүтeciнің биiктiк белгici мәлiм болса, онда В нүктесінің биiктiк белгiciн мына формуламен анықтауға болады
Н в =Н А +h. (144)
Сызықтың вертикаль ұзындығы 400 м-ден артық ара қашық­тыққа биiктiк белгiлердi жеткiзгенде салыстырмалы биiктiктiң өлшенген мәнінe, жердiң қисықтығына және нысаналау саулесi­нің атмосфераның жерге жақын қабаты арқылы өткендегi вер­тикаль рефракциясына түзетулер енгiзiледi.
Tүcipicтің алдында әр станцияда тексерiлген аспапты алды­мен центрлейдi, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектiң нөл орнын анықтайды, аспаптың биiктiгiн өлшейдi, өлшеу натиже­лерiн арнаулы журналға жазады, аспаптың биiктiгiн рейкаға белгiлеп, лимбаны таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң лимбаны бекiтедi. Алидаданы босатып, рейка түсiрiлетiн пикеттiк нүктелердi жүйелi түрде нысаналайды. Дүрбiнi рейкаға тордың вертикаль жiбi рейканың ociмeн, ал горизонталь жiптi рейка­дағы аспаптың биiктiгiне сайкес белгiмен беттесетiндей етiп ны­саналайды. Жiптi қашықтық өлшеуiштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер алып, оларды арнаулы журналға (11-кесте) жазады.

Слайд 7

Тахеометриялық түсіріс – жер бедері қимасы 0,5 — 2,0 м кезінде, әдетте 1:500 — 1:5000

Тахеометриялық түсіріс – жер бедері қимасы 0,5 — 2,0 м кезінде, әдетте
масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің пландық және биіктік негізін геодезиялық тірек жүйесі пункттерін тірек ететін теодолиттік және нивелирлік жүрістер құрады. Егжей-тегжейлі түсіру теодолиттік жүріс пункттері арасында жүргізілетін тахеометриялық жүрістер нүктелерінен жасалады. Рейкалық нүктелердің пландық орны және биіктіктері стансадан полярлық әдіспен анықталады. Қазіргі кезде автоматты және электронды тахеометрлер бар, олар горизонталь арақашықтық пен биікайырымдарды тікелей өлшеугемүмкіндік береді. Егжей-тегжейлі түсіру кезінде әрбір стансада абрис жүргізіледі, онда стансалар, рейкалық нүктелердің нөмірлері, алқаптардың контурлары, жергілікті заттар және атаулары көрсетіледі. Өлшеулердің сандық нәтижелері тахеометриялық журналда жазылады. Стансаларда алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша камералық жолмен түсірілген жергілікті жердің топографиялық планы жасалады. Тахеометр автоматтарды қолданғанда жергілікті жердің топографиялық планы тікелейстансада жасалады.

Слайд 8

Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық

Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге
тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады. Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

2. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАХЕОМЕТР

Слайд 10

3. ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҮСІРІСТЕГІ КАМЕРАЛЬДЫҚ ЖҰМЫСТАР, ПЛАН ҚҰРУ

Тахеометриялық түcipicтeгi ғылыми өңдеу жұмысы

3. ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҮСІРІСТЕГІ КАМЕРАЛЬДЫҚ ЖҰМЫСТАР, ПЛАН ҚҰРУ Тахеометриялық түcipicтeгi ғылыми өңдеу жұмысы
мына­ларды қамтиды:

4) жергiлiктi жердiң топографиялық планын салу.

1) дала журналдарын тексеру;

2) тахеометрия­лық жүрicтердiң нүктелерiнiң пландық және биiктiк координа­таларын (х, у, Н) есептеп шығару;

3) әр станциядағы рейкалық нүктелердiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығару;

Слайд 11

Дала журналдарындағы жазулар мен есептеулер eкi қол­дан (басқарушы және оның көмекшiсiмен) өтiп,

Дала журналдарындағы жазулар мен есептеулер eкi қол­дан (басқарушы және оның көмекшiсiмен) өтiп,
тексерiледi. Бұл
кезде горизонталь және вертикаль бұрыштар, горизонталь ұзын­дықтар, тахеометриялық жүрiстер нүктелерiнiң тура, кepi және орташа салыстырмалы биiктiктерi қайтадан есептелiп шығары­лады. Табылған қателiктер тиicтi түзетулер енгiзу арқылы жойылады.
Тахеометриялық жүрiс нүктелерiнiң тiкбұрышты координа­талары теодолиттiк жүрiс үшiн қабылданған жоба бойынша есептеп шығарылады. Бұрыштық қиыспаушылықты анықтап егер олар мүмкін болатын шамадан аспаса, оларды теодолиттiк жүрicтерде көрсетiлгендей етiп бөледi. Жүрicтiң ұзындықтарын қашықтық өлшеуiшпен 1:400 дәлдiкпен өлшегенде, тұйықтал­ған жүрiстегi координаталар өсiмшелерiндегi қиыспаушылық­тың мүмкін шамасын жүрiстiң қабырғалар саны аз болғанда формуламен анықтайды. Тахеометриялық жүрiс басталатын бастапқы пункттiң ко­ординаталарын бiле отырып, түзетiлген өсiмшелер арқылы жу­рістің барлық ұштарының тікбұрышты коодинаталарын есептеп шығарады.

Слайд 12

Дала журналындағы тахеометриялық тycipicтің нүктелерi­нiң биiктiк белгiлерiн анықтағаннан кейiн пикет нүктелерiнiң биiктiк

Дала журналындағы тахеометриялық тycipicтің нүктелерi­нiң биiктiк белгiлерiн анықтағаннан кейiн пикет нүктелерiнiң биiктiк
белгiлерiн есептеп шығарады; ол үшiн станцияның биiк­тік белгiсiне Н СТ тиicтi рейкалық нүктелерiнiң салыстырмалы биiктiгiн hі алгебралық түрде қосады
Н пик. i =HCT+hi .
Есептеп шығару жұмыстары аяқталғаннан кейiн түсірістің топографиялық планын жасауға кiрiседi. Тахеометриялық түci­рістің планын жасау жұмысы жалпыдан жекеге көшу принципiн сақтай отырып жүргiзiледi. Алдымен координаталық торды са­лады, мұнда теодолиттiк түcipic туралы айтылған тараудағы (§ 54) ереженi сақтайды. Содан соң планға тipeк пункттерiн, одан кейін тycipгi негiздеуiнiң нүктелерiн түсiредi.

Слайд 13

Одан кейiн түcipгi жүрicтерi мен ситуация нүктелерiн салады. Ситуация­лық нүктелер планға дала

Одан кейiн түcipгi жүрicтерi мен ситуация нүктелерiн салады. Ситуация­лық нүктелер планға дала
журналының және крокидiң мәлiмет­тepi бойынша түсiрiледi. Тахеометриялық түcipicтeгі полярлық әдiспен түсiрiлген нүктелердi планға тахеографтың (75-сурет) көмегімен салу қолайлы. Мөлдiр пластмасса винипроздан жа­сап шығарылған бұл аспап градустық бөлiктерге (ең кiшкене бөлiгi 15'-ке тең) бөлiнген дөңгелек болып табылады. Дөңгелек­тің нөлдiк диаметрi арқылы сызғыш өтедi, оған тиiстi масштаб­та ең аз бөлiгi 0,5 мм ара қашықтық шамасы салынған. Осы шкаланы пайдалану қолайлы болу үшiн тахеографта тeciк ой­ылған. Дөңгелектiң ортасында органикалық шыныдан төлке бекiтiлген, ол арқылы планның тиicтi нүктесінің үстiнде тахео­графты центрлеуге арналған ине етедi. планға нүктенi түci­ру үшiн тахеографты инеде осы станциядағы нөл бағытына қа­былданған сәйкес есептеумен беттескенше бұрады, содан ке­йiн шкала мен станциядан түci­рiлетiн нүктеге дейiнгi арақа­шықтықты салады.

Слайд 14

Тахеометриялық жүрicтердiң нүктелерiн, ситуациялық шарт­ты белгiлердi теодолиттiк тусiрicтегiдей етiп планға салғаннан кейiн,

Тахеометриялық жүрicтердiң нүктелерiн, ситуациялық шарт­ты белгiлердi теодолиттiк тусiрicтегiдей етiп планға салғаннан кейiн,
планда горизонтальдарды жүргiзедi. Горизонтальдарды жүргiзуден бұрын салынған крокиге сәй­кестендiрiп алдын ала пункт сызықтарымен жер бедерiнiң пiшi­нін, яғни оның өзiне тән және басты сызықтарын түсiредi. Осы­дан кейiн интерполяциялауға және горизонтальдарды жүргiзуге кiрiседi. Алдымен крокиге сәйкес жер бедерiнiң өзiне тән жерлерiн, мысалы, төбенiң ұшын, ойпаттарды, шұңкырларды, жоталар сызыктарын, арналарды және т. с. с. ең төменгi белiгi­нен бастап горизонтальдармен көрсетедi. Пландағы горизон­тальдар штрихтармен толыктырылады да, калыңдатылған горизонтальдардың үзiлген жерiне биiктiк белгiлерiн жазады. Горизонтальдарды түсiрiп болғаннан кейін қажеттi жазуларды орындауға кiрicедi.

План құру

Имя файла: Тахеометр.pptx
Количество просмотров: 47
Количество скачиваний: 0