Құрылғылық массаж. Тербелмелі-вакуумдық массаж. Су асты массажы
Заманауи технологиялармен жабдықталған және әртүрлі ішкі мүшелер ауруларымен, ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейін, жүрекке және тамырларға оталарынан – аорто-коронарлық шунттау, тамырларға стент қойылғаннан кейін, буындарды протездеуден кейін физиотерапиялық ем-шараларды науқастардың емінде және оңалту мақсатында ұсынады. Құрылғылық массаж Бөлімде 30 түрлі физикалық ем әдістері қолданылады. Ол электр тоғымен емдеу, ультадыбыстық ем, жарықпен емдеу, лазеротерапия, және парафин емі т.б. Массаж кабинетінде классикалық қол массажы, аяқ-қолдардың лимфодренажды массажы «Лимфотрон» компрессия жүйесімен, қол ұштарына және табандарға «Mарутака» аппаратында нүктелі массаж жүргізіледі. Бөлім құрамына сумен және балшықпен емдеу бөлімшелері кіреді. Омыртқааралық дискілердің емінде су асты массажын, омыртқаны су асты тарту, бассейн ұсынамыз. Қандай да болмасын ауруларда байқалатын ұйқы бұзылыстарында, көңіл-күйдің төмендеуінде емдік йодо-бромды, оттегі, маржан былауларын, су себізгілерін қолданамыз.