Шәңкіш және оның медицинада қолднылуы
Сипаты Биіктігі 1,5 — 4 метрге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті.Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — қызыл түсті сүйекше. Емдік қасиеті Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр жәнеорганикалық қыш-қылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады: Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйке-ні тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді,несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады. Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқа-зан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары менөкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады. Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады.