Слайд 2 Реакциялық қабілетті олигомерлер (РҚО) – молекулалық массасы 500-10000 аралығында болатын, құрамында

екі немесе одан да көп реакцияға қабілетті фунционалды топтары (РФТ) бар, және сол топтарының арқасында ары қарай жұмсақ жағдайда химиялық түрлене алатын төмен молекулалы полимерлерді айтады.
Слайд 3 Қазіргі кезде РҚО-ді қатайту арқылы полимерлі материалдарды алу кең таралуда. Бұл

әдістің мономерлерді қолдануға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
1) Әдетте сұйық немесе жеңіл балқитын РҚО-ді қалыпқа құйып, тікелей осы қалыпта кез-келген бұйымды қатайтып, төмен температура және төмен қысымда алуға болады;
2) Реакцияға қабілетті топтардың меншікті концентрациясы төмен болғандықтан, қатаю барысында РҚО-дің қызуы және отыруы көп болмайды;
Слайд 4 3) Реакцияға қабілетті топтар ретінде қос байланысы немесе циклі бар (-N=C=O,

˃C=C˂, және т.б) фрагменттерді қолдану арқылы, қатаю барысында бұйымның біртектілігін бұзатын бос төменмолекулалы өнімдердің түзілуінің алдын алуға болады;
4) Өзара әрекеттесетін реакцияға қабілетті функционалды топтары бар әртүрлі табиғатты РҚО-ді комбинирлеп, сомономерлердің әр түрлі қатынаста және кезекте орналасқан кез-келген сополимер алуға болады.