Педагогикалық міндеттерді анықтау
Педагогикалық іскерліктер-оқытушының кәсіби бағытының қалыптасуына,педагогикалық техниканың жетілуне көмектеседі,мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.Іскерлік дегеніміз-белгілі жағдайда белгілі іс әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалық іскерлік-мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы,олар ең алдымен педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледіелеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап оның пәндік кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді. А.К.Маркова іскерліктің тоғыз тобын сипаттаған болатын. 1.топ.Педагогикалық міндеттерді анықтау кезінде өз себептері мен мақсаттарын,оқыту-тәрбие беру үрдісінің белсенді даму үстіндегі қатысушы ретінде оқушыға бағыттау;педагогикалық жағдаяттарды зерттеу және оны қайта түрлендіру.Педагогикалық жағдаяттардан абыроймен шығу;пед.міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу,т.б.іскерлікттер. 2.З топшадан тұрады. 1 топша:»Нені оқыту керек».Оқу материалымен жұмыс жасай білу іскерлігі оқу пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алу,оқу пәнін жаңарту ұғым,термин,пікірсайыстарды пайдалану оқушыларында жалпы білімділік арнайы ептілікті дағдыны қалыптастыру. 2.топша:»кімді оқыту керек».Оқушылардың жеке психологиялық үдерістерін зерттеу(ес,зейін,ойлау,сөйлеу т.б.),іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу,еңбек):оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу,оқушының оқуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу. З.топша:»Қалай оқыту керек».Оқыту және тәрбиелеу формалаларын,әдістерін дұрыс таңдап алу іскерлігі оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін уақытын есепке алу,пед.жағдаятты салыстыра алу,жалпылай алу,біріктіру оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру педагогикалық міндеттерді шешу.